Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 26.06.2026 427 0 пікір
БАС МҮФТИ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАДЫ

Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің бітіруші түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.

Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, жас мамандарға ізгі лебізін білдірді.

Салтанатты жиында ҚМДБ Төрағасымен қатар Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейітбек, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, университет басшылығы, ұжымы мен оқытушы-профессорлар құрамы, студенттердің ата-аналары және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

«Сіздер білім алған Нұр-Мүбәрак университеті – еліміздегі діни білімнің қарашаңырағы. Бұл оқу орны мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, Қазақстандағы діни қызметтің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Университет қабырғасында алған білімдеріңіз сіздерді тек маман ғана емес, адам ретінде, қоғам алдында жауапты тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталды.
Қадірлі түлектер!
Бүгін қолдарыңызға алатын диплом білім жолында бағындырған бір белес болғанымен, үлкен жауапкершіліктің басталғанын білдіреді. Сіздер енді халықпен жұмыс істейтін, елдің рухани өміріне ықпал ететін, жастарға бағыт-бағдар көрсететін мамандар қатарына қосылдыңыздар. Қазақ халқы ежелден: «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» деген. Сондықтан сіздердің ең басты міндеттеріңіз – алған білімдеріңізді халық игілігіне жұмсау.
Бүгінгі қоғам дін қызметкерлерінен терең білімді ғана талап етпейді. Көркем мінезді болу, даналықты ұстану, сабырлы болу сынды адами құндылықтар дипломнан да қымбат қазына екенін ұмытпағайсыздар. Халықтың сеніміне ие болу үшін адам ең алдымен өзінің ісімен, әдебімен және адамгершілігімен үлгі болуы керек», - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, биыл оқу жылында университетті 497 студент сәтті тәмамдап, үлкен өмірге жолдама алды. Оның ішінде 457 студент бакалавриат, 32 студент магистратура және 8 студент докторантура бағдарламаларын аяқтады. Бакалавриат түлектерінің ішінде Исламтану мамандығын 276 студент, Дінтану мамандығын 85 студент, Теология мамандығын 72 студент, Шетел филологиясы білім беру бағдарламасын 31 студент, ал Аударма ісі білім беру бағдарламасын 33 студент тәмамдады.


























Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру