Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Қостанайда семинар өткізді

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.06.2026 51 0 пікір
РАНТ мүшесі Қостанайда семинар өткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының маусым айына бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес діни білім және кадр дайындау  бөлімінің  меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Аманқұлов Қостанай облысына арнайы іс-сапармен келді.

Ол облыстағы имамдардың білімі мен біліктілігін көтеру мақсатында «Уағыз жүргізудің әдебі» тақырыбында семинар өткізді. Оған өңірдегі имамдар мен ұстаздар қатысты.

Жиында облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы сөз алып, муфтият тарапынан ұстаздар келіп, тағылымы мол дәрістер ұйымдастырылып тұратынын, оның әріптестеріне берері мол екендігіне тоқталды.

РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлының   жүргізген семинары қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Дін қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарына  нақты жауап алып, жоғары көңіл-күймен тарқасты. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру