Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде бітіруші түлектердің білімін саралайтын мемлекеттік қорытынды емтихан өтті. Болашақ діни мамандардың дайындық деңгейін бағалау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды.
Мемлекеттік емтихан комиссиясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов төрағалық етті. Сондай-ақ комиссия мүшелері ретінде ҚМДБ Білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Олжас Исмаилов пен Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Әбішев қатысып, шәкірттердің білім деңгейін жан-жақты бағалады.
Емтихан барысында түлектер:
Қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп оқу және тәжуид қағидаларын,
Араб тілі грамматикасы мен ислам тарихы пәндерін қамтитын сұрақтарға жауап берді.
Комиссия төрағасы Хасан Аманқұлов бітіруші түлектерге Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, алдағы діни қызметтеріне сәттілік тіледі. Оқу орнын сәтті аяқтаған жас мамандар еліміздің мешіт-медреселерінде діни кадр күші ретінде қызмет етуге және жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруға жолдама алады.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
15.06.2026
124
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру