Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАЖЫЛЫҚ МАУСЫМЫНЫҢ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 02.06.2026 28 0 пікір
ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАЖЫЛЫҚ МАУСЫМЫНЫҢ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысуымен өткен Төралқа мәжілісінде 2026 жылғы қажылық маусымының барысы баяндалды.

Мәжілісте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ Қажылық миссиясының төрағасы Кенжетай Байкемелұлы онлайн қатысып қажылық маусымының қорытындысы бойынша баяндама жасады.

Баяндамада ҚМДБ Қажылық миссиясының қажыларға діни-ағартушылық, ұйымдастырушылық және медициналық қызмет көрсету бағытында атқарған жұмыстары қамтылды. Сондай-ақ қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларында отандастарымызға қызмет көрсеткен дін қызметкерлері мен жауапты мамандардың еңбегі атап өтілді.

Жиын барысында қажылардың құлшылықтарын алаңсыз орындауына жасалған жағдайлар, көрсетілген қызметтер айтылды.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру