Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен «Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу курсының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Салтанатты жиынға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы, мешіттің дін қызметкерлері, ұстаздар, ата-аналар және курсқа қабылданған 10–15 жас аралығындағы шәкірттер қатысты.
Іс-шара барысында Бас мүфти жас шәкірттерге ақ батасын беріп, жазғы демалысты тиімді пайдаланып, білім мен тәрбиені қатар меңгерудің маңыздылығына тоқталды.
«Жазғы демалыс – әр баланың рухани һәм танымдық тұрғыдан дамуына берілген мүмкіндік. Осы уақытты пайдалы өткізіп, білім алып, көркем мінез бен ізгі қасиеттерді бойға сіңіру – болашаққа салынған берік негіз», – деді Бас мүфти.
Айта кетейік, «Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу курсы бүгіннен бастап еліміздің барлық өңірлеріндегі мешіттерде өтуге. Аталған курс балалардың діни сауатын арттырумен қатар, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған рухани-танымдық жоба.
Жиырма күнге жоспарланған курс барысында шәкірттерге Құран әліппесі, имандылық негіздері, көркем мінез бен әдеп қағидалары оқытылады.
Сонымен қатар бағдарлама аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері, үлкенге құрмет, кішіге ізет, отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған арнайы тәрбие сағаттары өткізіледі. Бұл арқылы жас ұрпақтың бойына дін мен дәстүр сабақтастығын сіңіру көзделген.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
01.06.2026
78
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру