Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына арнайы құттықтау жеделхатын жолдады.
Құттықтауында Мәулен Сағатханұлы Құрбан айттың ізгілік пен мейірімділікті, татулық пен бауырмалдықты дәріптейтін ұлық мереке екенін атап өтіп, бұл айт күндерінің қоғамдағы бірлік пен өзара жанашырлықты нығайтудағы маңызына тоқталды.
Сондай-ақ Сенат төрағасы Бас мүфтидің бастамасымен жүзеге асып жатқан игі істерге табыс тілеп, барша қазақстандықтарға амандық, береке және бақ-дәулет тіледі.
Айта кетейік, қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына еліміз бен шетелдің бірқатар ресми және діни тұлғаларынан құттықтаулар келіп түсуде.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
29.05.2026
74
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру