Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырып отыр.
29 мамыр – Құрбан айттың үшінші күні еліміз бойынша жалпы саны 677 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 253 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой - 442 , ешкі – 154 , ірі қара – 79 , түйе – 2 .
Құрбандық еті республика көлемінде 11 156 мұқтаж отбасы мен 840 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей!

































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
29.05.2026
202
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру