Павлодарда Мәшһүр Жүсіп атындағы облыстық Орталық мешіт жанынан «Дәстүр және отбасы» бөлмесі ашылды.
Игі іс-шараға қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Алла қаласа, бұл бөлмеде дін мен дәстүр сабақтастығы дәріптеліп, отбасыларға рухани кеңестер, қажетті діни пәтуалар берілетін болады. Бүгінде Діни басқарма діни һәм ұлттық құндылықтарымызды қоғам деңгейінде насихаттап, отбасы тәрбиесіне аса мән беріп келеді. Биылғы 2026 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жарияладық. Бүгінгі іс-шара осы игі бастаманы жүзеге асыру бағытында жүзеге асып жатқан кезекті жобамыздың бірі», – деді.
Іс-шарада Бас мүфти кішкентай Мұстафаның тұсауын кесіп, балаға батасын берді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
23.05.2026
24
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру