Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 23.05.2026 83 0 пікір
БАС МҮФТИ БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында 911-баспана кілтін табыстады.

Бұл жолғы баспана асыраушысынан айырылған мүгедектігі бар Даниал Нұралыұлына бұйырды. «Алла Тағала жаңа үйдің ішін жанға, сыртын малға толтырғай. Қоныстарыңыз құтты-берекелі болсын! Хақ Тағала сіздердің отбасыларыңызға келген сынақтың жеңілдігін нәсіп етіп, жақсылығы мен берекесін жаудырғай. Әрқашан амандықта болғайсыздар. Жаңа үйлеріңізден еліміз бен жерімізге адал қызмет ететін тұлғалардың шығуын тілеймін» деді Бас мүфти.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясының мақсаты – демеушілердің, қайырымды жандардың көмегімен әлеуметтік жағдайы төмен, баспанаға аса мұқтаж адамдарды пәтермен қамтамасыз ету.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру