Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің ауласына ағаш егу іс-шарасына қатысты.
Ағаш егу іс-шарасында Бас мүфти: «Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүзеге асуда. Бұл бастамаға жер-жердегі дін қызметкерлері де үлес қосуда.
Асыл дінімізде айналаны абаттандыру, тазалау, көгалдандыру жұмыстарына үлес қосу сауапты істердің бірі саналады. Бұл – жас ұрпақты ізгілік пен еңбекқорлыққа баулитын бастама. Сондықтан біз мұндай өнегелі істерді жан-жақты дәріптеуге көңіл бөліп келеміз» деді.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Таза Қазақстан» акциясын қолдай отырып, еліміздің әр өңірінде ағаш егу және тазалық іс-шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
21.05.2026
89
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру