Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІ «ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ТАРИХЫ» МҰРАЖАЙЫН АРАЛАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 20.05.2026 202 0 пікір
ҚМДБ САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІ «ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ТАРИХЫ» МҰРАЖАЙЫН АРАЛАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ашылған ҚМДБ ғимаратындағы «Қазақ даласындағы ислам тарихы» мұражайын ҚМДБ жанындағы Сарапшылар кеңесінің мүшелері аралады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли мен Сарапшылар кеңесінің мүшелері қатысты.

Мұражайда қонақтарға қазақ жеріне ислам дінінің келу тарихы, оның рухани-мәдени дамуға ықпалы, тарихи тұлғалар мен діни мұраларға қатысты құнды жәдігерлер көрсетілді. Сонымен қатар экспозицияда халқымыздың діни танымы мен дәстүр сабақтастығын айшықтайтын тарихи деректер мен сирек материалдар қойылған.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру