Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

10 Маусым 2026

24 Зулхижжа 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

«ДІНИ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 20.05.2026 1472 0 пікір
«ДІНИ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Бүгін Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Діни сараптама жүргізудің заманауи әдістері мен құқықтық негіздері» атты республикалық рухани-танымдық форум өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сондай-ақ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Раманқұлов Мақсат Аралбайұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Байкен Есет Берікұлы және дін саласының мамандары, теологтар, сарапшылар, мемлекеттік мекеме өкілдері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Наурызбай қажы Тағанұлы форумның маңыздылығына тоқталып, қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау мен діни сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстардың өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Қабылов Нұрғали Бердіқұлұлы діни сараптама жүргізудің құқықтық тетіктері мен қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері жөнінде баяндама жасады.

Форум барысында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы дінтану сараптамасы департаментінің директоры Бірәлі Эльмира Атиғоллақызы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы МСҰМ директоры Талғат Жәрдемқұлұлы және Ислам ғылыми-зерттеу институты директоры Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы өз салалары бойынша мазмұнды пікірлерін ортаға салды.

Жиын аясында діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдарға сараптама жасау тәжірибесі, діни экстремизмнің алдын алу, ақпараттық кеңістіктегі діни контенттің ерекшеліктері және діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар форум аясында сарапшылар тарапынан қойылған сауалдар негізінде қатысушылар өзара пікір алмасып, діни сараптама саласындағы өзекті мәселелер төңірегінде тәжірибе бөлісті.

Форум қорытындысында қатысушылар діни сараптама саласындағы өзара ынтымақтастықты күшейту, кәсіби біліктілікті арттыру және ғылыми-тәжірибелік байланысты дамыту бағытында бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.










 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру