Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 18.05.2026 342 0 пікір
БАС МҮФТИ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

«Құрметті отандастар! Сіздерді асыл дініміздегі ұлық мейрам – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Айт қабыл болсын! Баршаңызға мол бақыт, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен жұмыстарыңызға береке тілеймін.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көрші Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен, бірқатар мұсылман мемлекеттерімен кеңесіп, Құрбан айт күнін белгіледі.

Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылманша, яғни һижри жыл санауы бойынша 1447 жылдың зұлхижжа айының басталуы 18 мамыр болып бекітілді. Арапа күні 26 мамырға сәйкес келеді. Ал 27 мамыр – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру