Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда «Қажылық - 2026» дайындық жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 12.05.2026 114 0 пікір
Алматыда «Қажылық - 2026» дайындық жұмыстары жүргізілді

Алматы Орталық мешітінде қаланың Бас имамы Төлеби Дәділұлы ҚМДБ-ға қарасты «Таууаф travel» компаниясымен бірлесіп, қажылық парызын өтеуге ниетті жамағатқа арналған дайындық семинарын өткізді.

Жиында бас имам «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын таныстырып, қажылыққа ниет еткен азаматтарды көркем мінез бен өнегелі істер арқылы қоғамға үлгі болуға шақырды. Сонымен қатар қажыларға арналған «Qajy Guide» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды.

Семинар барысында «Таууаф travel» компаниясының директоры Бектемір Қуандықұлы қажылықтың шарттары мен тәртібін түсіндіріп, тауап, сағи, ихрам әдебіне қатысты маңызды мәліметтермен бөлісті. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Қажылыққа дайындық шаралары қаладағы «Бәйкен», «Әл-Мадина», «Нұр-Мүбарак» мешіттерінде де ұйымдастырылды. Сондай-ақ тұрғындарға қажылық визасын заңсыз рәсімдейтін туристік компанияларға алданып қалмау ескертілді.

Айта кетейік, биыл қажылық маусымы 15 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру