Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 24-25 сәуір күндері аралығында шариғат ілімдерінен республикалық медресеаралық олимпиада өтті.
Білім сайысына еліміздегі медресе-колледждердің студенттері қатысып, өзара жүзден жүйрікті анықтады. Екі күнге созылған білім додасында қатысушалардың білімін Астана қаласындағы «Хусамуддин ас-Сығанақи» ислам институтының оқытушылары мен ҚМДБ-ның білікті мамандары бағалады.
Жеңімпаздарды марапаттау алдында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы өз сөзінде: «Республикалық медресеаралық олимпиада исламтану саласындағы талантты жастарды анықтау, болашақ мамандарды даярлау сапасын жетілдіру, студенттердің таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру, исламтану цикл пәндерін терең меңгеру, зерттеу, діни салада қызмет ету үшін әлеуетті кадрларды қалыптастыру мақсатында өткізілетінін», атап өтті.
Жиынның соңында олимпиада жеңімпаздарына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы атынан диплом және қаржылай сыйақы табысталды.
Білім сайысының олимпиада қатысушылары арасында жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
Ұлдар тобы:
І орын (300 мың теңге) – Умирзаков Сардар («Астана» медресе-колледжі);
ІІ орын (150 мың теңге) – Қуанышұлы Бекнұр («Сарыағаш» медресе-колледжі);
ІІІ орын (75 мың теңге) – Абдирим Ислам («Әбу Ханифа» медресе колледжі);
ІІІ орын (75 мың теңге) – Аюбай Нұрмұхаммед («Астана» медресе колледжі).
Қыздар тобы:
І орын (300 мың теңге) – Мейрамғазы Назым («Астана» медресе-колледжі);
ІІ орын (150 мың теңге) – Хаятолақызы райхан («Шымкент» медресе-колледжі);
ІІІ орын (75 мың теңге) – Нұркеш Ақмарал («Астана» медресе колледжі);
ІІІ орын (75 мың теңге) – Нұрмұқанқызы Баян («Сарыағаш» медресе колледжі).
Айта кетейік, биылғы олимпиадаға медресе колледждердің бітіруші курсынан ұлдар және қыздар тобының студенттері қатысты. Білім сайысы екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар араб тілі, фиқһ және ислам тарихынан тестілеу, ал екінші кезеңде Құран Кәрімді жатқа оқу, арабша мәтіндерді оқып аудару және ауызша араб тілінен сынақ өткізілді.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
26.04.2026
486
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру