Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.04.2026 1051 0 пікір
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Құранды жатқа оқудан қыздар арасындағы V республикалық байқаудың марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқаудың марапаттау рәсімінде Бас мүфти жеңімпаз қариларға, олардың ұстаздары мен ата-аналарына шынайы ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, байқауға қазылық еткен қари-ұстаздарға да алғыс айтып, ҚМДБ атынан алғыс хатпен марапаттады.

«Аллаға шүкір, қазір елімізде Құран жаттауға ықылас қойған жастардың қатары артып келеді. Бұрын қариларымыз алыс шет елдерге барып Құран ижазасын алып келетін. Қазір өз елімізден «Ижаза» орталығын ашқанымызды жақсы білесіздер. Оның үстіне қари қарындастарымыздың қатары көбейген сайын жүрегімізге қуаныш ұялайды. Өйткені қари анадан ізгі ұрпақ тарайды. Елге, дінге қызмет ететін тұлғалар шығады. «Әйел адам бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөздің төркіні осында жатса керек»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Байқау жеңімпаздары ҚМДБ Төрағасы атынан алғыс хат пен арнайы қаржылай сыйлыққа ие болды.

Қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:

Толық Құранды жатқа оқудан (30 пара бойынша):
1-орын Мәдина Әбдіманатқызы (Шымкент қаласы) 2 200 000 тг
2-орын Муслима Ұлықбекқызы (Түркістан облысы) 1 800 000 тг
3 -орын Ырысайханым Ілесқызы (Алматы қаласы) 1 500 000 тг

20 пара бойынша:
1-орын Жәнел Серікқызы (Ұлытау облысы) 1 500 000 тг
2-орын Мәриям Орынбасарқызы (Жетісу облысы) 1 200 000 тг
3-орын Нафиса Нұралиқызы (Павлодар облысы) 1 000 000 тг

10 пара бойынша:
1-орын Әсем Ерболқызы (Түркістан облысы) 1 000 000 тг
2-орын Зинира Хадиршақызы (СҚО) 800 000 тг
3-орын Сәния Әбутәліпқызы (Қостанай облысы) 600 000 тг

5 пара бойынша:
1-орын Айша Ернарқызы (Алматы қаласы) 600 000 тг
2-орын Мумина Зулхайнарқызы (СҚО) 500 000 тг
3-орын Әмина Батырбекқызы (ШҚО) 400 000 тг




























Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру