«Есепті кезеңде muftiyat.kz ресми сайтында 120-дан астам жаңалық жарияланып, материалдардың жалпы қаралымы 800 мыңнан асты. Сонымен қатар Рамазан айының мәні мен маңызына қатысты 40-тан астам танымдық мақалалар жарық көрді.
Сондай-ақ, YouTube желісіне 79 бейнематериал жарияланды. Оның ішінде «Рамазан – Құран айы» жобасы аясында күнделікті онлайн хатымның 30 парасы жүктеліп, 33 бейне @SERIKQARIAHMET арнасымен бірлескен форматта жарияланды. Сонымен қатар тақырыптық подкасттар, апталық шолулар және оразаға қатысты дәрістер ұсынылды. Нәтижесінде арна белсенділігі 129%-ға өсіп, 1200 жаңа оқырман қосылды, қаралым уақыты 26 032 сағатты құрады.
Instagram және TikTok желілерінде «Сұрақ-жауап» форматында 30 тікелей эфир өткізіліп, әр эфирге орташа 1500–3000 көрермен қатысты. Instagram-да 230 пост жарияланып, 20 000-нан астам жаңа оқырман тартылды. Жекелеген контенттердің қаралымы 1 000 000-ға дейін жетті.
«30 күнге 30 амал» және өзге де рухани-ағартушылық рубрикалар аясында тұрақты контент жарияланып, жоғары белсенділікке ие болды. Жасанды интеллект негізінде 12 анимациялық бейнематериал дайындалды.
Танымал тұлғалармен бірлескен жобалар жүзеге асырылып, олардың қаралымы 1–11 миллион аралығын қамтыды. Сонымен қатар ұйымдармен әріптестік форматтағы бірқатар жобалар іске асырылды.
Қадір түнінде арнайы тікелей эфирлер ұйымдастырылып, 20:00–04:00 аралығында өткен эфирлерге орташа 1100–3000 адам қатысты. Аталған күні 32 пост жарияланып, 10 000-нан астам жаңа оқырман қосылды.
TikTok желісінде 240 000 қаралым тіркеліп, 10 000 жаңа оқырман қосылды. Тікелей эфирлердің жалпы қаралымы 581 000-ға жетті. Threads желісіндегі жалпы қамту 320 000 болса, WhatsApp арнасында оқырман саны 11 257-ге жетті.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
01.04.2026
1421
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру