Рамазан айы кезеңінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан діни-ағартушылық бағытты дамыту мақсатында бірқатар кітаптар жарық көріп, баспа жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, «Рамазан оразасы 200 сұрақ» кітабы 2-басылым болып 6000 дана таралыммен қайта басылып шығарылды. Сондай-ақ «Намаз оқып үйренейік» кітабының 2-басылымы 10 000 дана көлемінде басып шығарылды.
Жұма күндері мешіттерде тұрақты түрде кітап жәрмеңкелері ұйымдастырылып, жамағатқа діни әдебиеттер кеңінен таныстырылды. Қадір түні де арнайы кітап жәрмеңкесі өткізіліп, баспа өнімдері жамағат назарына ұсынылды.
«Қажылық және ұмра анықтамалығы» кітабы қазақ және орыс тілдерінде дайындалып, баспаханада басып шығаруға жіберілді.
Сонымен қатар «Рухани мұра» сериясы аясында бірқатар еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, «Иман мағынасы» кітабы 200 дана, «Бәдәл хаж» кітабы 200 дана, «Ислам энциклопедиясы» ІІІ том 500 дана, сондай-ақ «Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет» кітабы 500 дана тиражбен шығарылды.
Жалпы алғанда, атқарылған баспа жұмыстары Рамазан айында діни білімді насихаттауға, жамағаттың рухани танымын арттыруға және ислам әдебиетін кеңінен таратуға бағытталды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
01.04.2026
532
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру