Қасиетті Рамазан – мейірім мен қайырымдылықтың, ізгілік пен жақсылықтың айы. Осы ұлық айда ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қолдан қолға» жобасы аясында Нұр-Мүбарак мешітінің ұйымдастыруымен 100 мұқтаж отбасыға 6 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Бұл игі іс – пітір садақасының шынайы иесіне жетіп, мұқтаж жандардың жүрегіне жылу сыйлауының айқын көрінісі. Алланың разылығын көздеген әрбір жанның шапағаты осындай қайырлы амалдармен өлшенбек.
Қайырымдылық – қоғамның берекесін арттыратын ұлы құндылық. Көмек қолын созған барлық жомарт жандарға Алла Тағала еселеп қайтарсын! Рамазан айы жасаған әрбір дұғамыз бен ізгі амалымыздың қабыл болуына себепші болсын!
Осындай сауапты істер адамдар арасындағы жанашырлық пен бауырмалдықты арттырып, қоғамда өзара сенім мен мейірімді нығайта түседі. Әрбір берілген көмек – тек материалдық қолдау ғана емес, үміт сыйлаған нұрлы сәуле, жүрекке тыныштық сыйлар рухани демеу. Бұл – Рамазанның шынайы рухын сезіндіріп, ізгіліктің жалғаса беруіне жол ашатын берекелі қадам.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
azan.kz
28.03.2026
1096
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру