Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласы: «Уақып - жария садақа» атты семинар өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.03.2026 483 0 пікір
Алматы қаласы: «Уақып - жария садақа» атты семинар өтті

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бекіткен жоспары негізінде «Нұр-Мүбарак» университетінде “УАҚЫП” қорының жұмысын таныстыру мақсатында семинар өтті.

Семинарда «Уақып» қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы «Уақып және уақып етудің сауабы» тақырыбында баяндама жасап, қор жұмысының маңызы мен қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Дәділұлы «Діни мамандардың Уақып қоры жұмысы жайлы сауатты болуы» тақырыбында баяндама оқып, уақыптың дін қызметіндегі орны мен жауапкершілігін атап өтті.

Семинардың мақсаты — діни мамандықты меңгеріп жатқан студенттерге уақып жайлы түсінік беріп, оның дін қызметінің дамуына тікелей әсер ететін маңызды құрал екенін жеткізу.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру