Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде әйел жамағаты Айт мерекесінде ұлттық спортты ұлықтады

Ақтөбе облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 22.03.2026 1864 0 пікір
Ақтөбеде әйел жамағаты Айт мерекесінде ұлттық спортты ұлықтады

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес «Әйел-қыздар» секторы Ораза айт мерекесінің рухани маңызын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қыз-келіншектер арасында дәстүрлі садақ атудан сайыс ұйымдастырды.

Аталған шара «Metro Game Center» ойын-сауық орталығында өтті. Қатысушылар ұлттық спорт түрі – садақ ату бойынша өз бақтарын сынап, мерекелік көңіл-күй аясында бірлік пен ынтымақты нығайтты. Іс-шара барысында қазақ халқының бай мұрасы мен салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, қатысушыларға ұлттық өнердің мән-маңызы түсіндірілді.

Осындай игі бастамалар әйел жамағаты арасында рухани құндылықтарды жаңғыртуға, сондай-ақ ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Айт мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл шара қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, көтеріңкі көңіл-күймен есте қалды.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру