Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына арналған жоспары негізінде Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан бастаған имамдар айт намазынан соң арнайы зиратқа барып, марқұмдарға қасиетті Құран аяттарын бағыштады.
Айт намазы оқылған соң қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы бастаған дін қызметкерлері кеңсай зиратына бет алды. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының, мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтың, мәдениет қайраткері, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың, бұрынғы бас мүфтилер Рәтбек қажы Нысанбайұлы мен Әбсаттар қажы Дербісәлінің, сонымен қатар театр мен киноның біртуар шебері болған марқұм Асанәлі Әшімовтың рухына құран бағыштап: «Уа, Алла Тағала, Сен аса Рақымдысың! Бақилық болған пенделеріңді мейіріміңе алып, марқұм болған жандардың рухын шат еткейсің. Бұл дүниеде еліміз үшін жасаған еңбектері мен игі амалдарын мол сауапқа айналдырғайсың. Артында қалған отбасына, ұрпағына Өзің жар болғайсың. Осында жерленген барша мұсылмандардың мәңгілік мекенін жәннаттан еткейсің. Имамдар елімізге амандық, жерімізге тыныштық беріп, тәуелсіздігімізді баянды ете гөр» деп дұға жасады.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
21.03.2026
675
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру