Қасиетті Ораза айт мерекесіне орай Қызылорда өңірінде ауқымды қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Айттың ізгі дәстүрін дәріптеуді мақсат еткен игі бастама аясында өңір мешіттері мұқтаж жандарға қолдау көрсетті.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласы мен аудандық мешіттерде жалпы саны 250 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Қайырымдылық көмегі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға бағытталды.
Сонымен қатар, Айт мерекесінің құрметіне 40 азаматқа және 3 әлеуметтік мекемеге арнайы айт сыйлары табысталды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру