Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе облысы: Қарттар үйіне айттық сыйлықтар табысталды

Ақтөбе облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 21.03.2026 523 0 пікір
Ақтөбе облысы: Қарттар үйіне айттық сыйлықтар табысталды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ораза айт мерекесіне орай Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен қарттар үйіндегі ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге азық-түлік салынған 7 қоржын және айттық сыйлықтар тарту етілді.

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков қарттарға Ораза айт мерекесінің қадір-қасиеті жайында баяндап, айттық сыйлықтарды табыстады. Қариялар көрсетілген құрмет пен ықылас үшін Бас мүфти мен мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру