Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары аясында «Түркістан-Ахмет Яссауи» орталық мешітінің ауласында өткен ағаш отырғызу шарасына қатысты.
Аталған игі іс қасиетті Ораза айт мерекесі мен келе жатқан ұлттық мерекеміз – Әз-Наурыз қарсаңына орай жүзеге асырылды.
Шара барысында Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге көгалдандыру жұмыстарына қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Шараға қатысқан жамағат игі іске белсене атсалысып, ортақ іске жұмыла кірісті.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
20.03.2026
1173
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру