2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Дін мен дәстүр» бағыты аясында жүйелі жұмыс жүргізіп, республика көлемінде 15 321 іс-шара ұйымдастырды. Аталған іс-шараларға 900 580 адам қамтылды.
Жыл бойы атқарылған жұмыстар дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеуге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және рухани-ағартушылық бағыттағы бастамаларды кеңінен жүзеге асыруға арналды. «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ғылыми-практикалық конференциялар, тәрбиелік семинарлар, рухани-мәдени жиындар, байқаулар мен кездесулер тұрақты түрде өткізілді.
Қасиетті Рамазан айында ел аумағында және шетелдегі қазақ студенттеріне арналған ауызашарлар ұйымдастырылып, жамағатқа қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ ақсақалдар институтын нығайту мақсатында бата беру дәстүрін жаңғыртуға бағытталған республикалық байқаулар өтті. «Ихсан – рухани тәрбие мектебі» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциялар арқылы рухани кемелдену мәселелері кеңінен насихатталды.
Отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағытында «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Әке – отбасы тірегі» жобалары аясында өңірлерде тәрбиелік кездесулер ұйымдастырылды. Әйел жамағатына арналған семинарлар мен кеңес беру орталықтарының жұмысы жанданды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
29.12.2025
1808
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру