Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма намазын жүргізді.
«Жаратқан Алла қасиетті Құранда: «Қолының қысқалығынан үйлене алмағандар, Алла өзінің шексіз шарапатымен оларды қамтамасыз еткенге дейін ұстамдылық танытсын», – деген («Нұр» сүресі, 33-аят).
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Уа, Аллам! Расында, мен Өзіңнен тура жолыңды, тақуалықты, ұстамдылықты және ешкімге мұқтаждық қылмауыңды сұраймын», – деп айтатын (имам Мүслим).
Ұстамдылық – адамның рухани кемелдену жолы. Ол нәпсіні тәртіпке салып, жүректі тазалыққа, мінезді көркемдікке жетелейді. Ұстамдылықты өмірлік ұстаным еткен жан ар-намысын қорғайды, иманын күшейтеді әрі қоғамда ізгілік пен сенімнің үлгісіне айналады, – деген»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
26.12.2025
1370
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру