Бүгін Астана қаласындағы мүфтият ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Палестина Президентінің дін істері мен исламдық қатынастар жөніндегі кеңесшісі, Палестина Жоғарғы сот төрағасы, Палестина Шариғат соты кеңесінің басшысы Махмұд Әлхаббаш мырзамен екі жақты кездесу өткізді.
Өз кезегінде Махмұд Әлхаббаш мырза Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып келе жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіріп, мүфтияттың діни келісім мен рухани үйлесімді нығайту тәжірибесін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ ҚМДБ-мен қалыптасқан ынтымақтастықты жалғастыруға ықылас танытты.
Кездесу соңында тараптар қайырымдылық көмек көрсету мақсатында ҚМДБ-ға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорымен Палестинадағы ресми қайырымдылық қоры арасындағы серіктестік орнату бойынша уағдаласты. Сондай-ақ, ортақ бағыттар жөнінде пікір алмасып, алдағы уақытта өзара байланыстарды дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға ниет білдірді.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
01.12.2025
2076
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру