Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «БОГАТЫРЬ КӨМІР» ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.05.2025 1145 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «БОГАТЫРЬ КӨМІР» ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Сапар барысында Бас мүфти Екібастұз қаласында орналасқан, әлемдегі ең ірі ашық әдіспен көмір өндіретін кәсіпорындардың бірі болып саналатын «Богатырь Көмір» ЖШС-інде болды. Кәсіпорынның бас директоры Рғайбек Қайрат Рғайбекұлы мекеменің қызметімен таныстырды.

Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесуде Наурызбай қажы Тағанұлы: «Шариғатта ғибадат істермен қатар адал кәсіп, отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілік секілді дүние істері бірге жүреді. Алла Тағала Құранда:«Намазды оқып болғаннан соң жер бетіне тарап, Алланың нығметінен өздеріңе ырыздық-несібе іздеңдер. Алланы көп еске алыңдар, табысқа жетерсіңдер» («Жұма» сүресі, 10-аят) деп құлшылықпен қатар еңбек етуге, адал табыс табуды бұйырған.

Отбасын асырау – ер азаматтың мойнындағы асыл міндеттің бірі. Ер адам еңбектенумен әрі отбасын асыраумен өткізген әр уақыты үшін сауапқа кенеледі. Оның отбасы үшін берген қаражаты қайырлы садақалардың бірі саналады. Қасиетті хадистердің бірінде: «Адамның жұмсаған ақшасының ең қайырлысы – өзінің отбасы үшін жұмсаған динары және Алла жолында мінетін көлігіне жұмсаған динары мен Алла жолындағы жолдастары үшін жұмсаған динары» делінген. Алла Тағала жұмыстарыңызға береке нәсіп етсін» деді. Кездесу барысында Бас мүфти ел игілігі үшін арнайы дұға жасады.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланған болатын. Алла Тағала адал еңбек етіп жүрген әрбір жанға еңбегінің жемісін көруді нәсіп етсін!
















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру