Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛЫҚ-2025: УАҒЫЗШЫ-ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.04.2025 1821 0 пікір
ҚАЖЫЛЫҚ-2025: УАҒЫЗШЫ-ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Алматыда қажылыққа уағызшы-имам ретінде баратын діни қызметкерлердің біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

Семинарды ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастап, биылғы қажылық маусымына дайындық барысын, әр өңірден баратын имам ұстаздарды таныстырып, атқарылатын негізгі жұмыстар жайына тоқталды. Биылғы қажылық маусымында бес парыздың бірі саналатын құлшылыққа аса мән беру керектігін, үлкен дайындықпен бару қажеттігін айтты. Одан бөлек қажылардың білім деңгейін көтеру, оларды осы сапарға тыңғылықты дайындап, ықыласын арттыру керектігін сөз етті.

Ал Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров уағыз айтудың әдебі мен мәдениетіне жеке-жеке тоқталып, айтылатын әрбір уағызға тыңғылықты дайындалу керектігін еске салды.

Сонымен қатар аталмыш семинарда ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері Төрәлі Қыдыр, Рашид Мұхитденов, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов ұлы сапарға аттанушыларды алдын ала жан-жақты дайындау, уағызшы-имамдардың айтар насихаты мен берер бағытын пысықтау турасында дәрістер оқылды.

Жиын барысында уағыз-насихаттың жүйелі болуы, қажыларға ықыласпен қызмет көрсету, қазірден бастап рухани дайындықты күшейтуге мән беру қажеттігі айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру