Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АҚТӨБЕЛІК ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.03.2025 1338 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АҚТӨБЕЛІК ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде ақтөбелік жамағатпен жүздесті.

Бас мүфти жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті жайында насихат айтты. «Рамазан – рақым айы. Рамазан – Алланың ерекше мейірімі түскен ай. Сол себепті бұл айдың көптеген жақсылығы бар. Рамазан айында дұғалар қабыл болады, күнәлар кешіріледі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үш дұға міндетті түрде қабыл болады. Олар – ата-ананың баласына жасаған дұғасы, ораза ұстаған жанның дұғасы және жолаушының дұғасы», – деген болатын. Сонымен қатар ораза ұстаған адам мол сауапқа кенеліп, беделі биіктейді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ Төрағасы жамағатпен бірге құтпан намазын оқып, тарауық намазына қатысып, елдің амандығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру