Семей қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен ауызашар рухани кешінде мүгедектігі бар ерекше бала тәрбиелеп отырған көмекке мұқтаж он отбасыға «Зекет және қайырымдылық» қоры Абай облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен қаржылай көмек берілді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әр отбасыға 300 мың теңгелік сертификатты табыстап, қиындықтарына жеңілдік, балаларының дертіне шипа тіледі. Сондай-ақ қайырымды іске демеуші болған азаматтарға ризашылығын білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларды әрдайым басты назарда ұстайтынын атап өтті.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
10.03.2025
2980
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру