Семей қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен ауызашар рухани кешінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауыл имамына кіші қажылық жолдамасын табыстады.
«Дін қызметі сауапты да, жауапты, өзіндік қиыншылығы мен артықшылығы да бар қызмет. Әсіресе, ауылдық жерлердегі мешіттерде қызмет ету оңай емес, ерекше ықылас пен айрықша сабырлықты талап етеді. Ендеше, біз осындай ауылдық жерде Алланың дініне қызмет етіп жүрген имамға ерекше қуаныш сыйлағалы отырмыз» деді Бас мүфти.
Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы демеушілердің көмегімен ұмра қажылығына жолдаманы Абай облысы Көкентау ауылының имамы Рүстем Нурановқа табыс етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
10.03.2025
2563
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру