
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әдебиеттанушы-ғалым Сәрсенбі Дәуітұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, белгілі дін жанашыры Сәрсенбі Дәуітұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабар менің де жаныма батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туыстарына, барша Қазақ еліне қайғыра көңіл айтамын. Артына мол еңбек қалдырған Сәрсенбі ағамыздың жарқын бейнесі халық жадында мәңгі қалары сөзсіз. Алла Тағала марқұмды өз мейіріміне бөлеп, жанын жәннаттан еткей. Иманы өзіне серік болғай» делінген ҚМДБ Төрағасының көңіл айту жеделхатында.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру