
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.
«Имамдар үшін көмекші құрал ретінде «Жұма уағызы» кітабын тұрақты шығарып келеміз. Осы бағыттағы жұмысымызды жетілдіре түсу үшін Құраннан, хадистерден, сахабалар мен қазақтың тұлғаларының өмірінен алынған «Ғибратты қиссалар» жинағын шығарамыз. Бұл еңбек имамдар мен жалпы оқырмандар үшін пайдалы болады деген сенімдемін» деді Бас мүфти.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру