
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына сайлануымен құттықтады.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып қайта сайланған Наурызбай қажы Тағанұлын құттықтай отырып, оның бұл жауапты қызметті бұдан әрі де абыроймен атқарып, басқарманың алдағы жұмысына тың серпін беретініне сенім білдіремін. Қоғамның рухани саласындағы дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен нығайту, руханиятты жаңғырту, ел ынтымағын қамтамасыз ету жолындағы қызметтеріңіз әрқашан жоғары бағаланады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы жұмыстарына толағай табыстар тілеймін» делінген Аида Ғалымқызының құттықтау хатында.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру