Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтады.
Бауырлас елдің мүфтиі жолдаған құттықтау хатта: «Сізді Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында Бас мүфти лауазымына қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл сіздің дін саласындағы елеулі қызметіңізге берілген жоғары баға деп білемін. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығында игі істер мен жобаларды сәтті ұйымдастыруыңызға тілектеспін. Екі ел арасындағы руханият, дін саласындағы байланысымыз арта берсін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін» делінген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
27.12.2024
3122
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру