Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ РИЗАБЕК АЙТМҰХАНМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.12.2024 3287 0 пікір
БАС МҮФТИ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ РИЗАБЕК АЙТМҰХАНМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еркін күрестен қазақ балуандары арасында тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханмен кездесті.

Бас мүфти 20 жастағы балуанды соңғы екі жылдағы жарқын жеңістерімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

«Күрес – асыл дінімізде ерекше құпталған, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті саналатын әрі қазақтың қанына сіңген спорт. Бозкілемде жауырыныңызды жерге тигізбей, әлемдік додаларда еліміздің даңқын асырып келесіз. Алла Тағала жетістігіңізді ұзағынан етіп, өзіңізді жарақат атаулыдан, тіл-көз, қауіп-қатерден сақтағай. Жеңісті жолыңызды жалғап, келесі Олимпиадада чемпион атануыңызды тілеймін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, Ризабек Қанатұлы 2023 жылы еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Ал биыл 20 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлемдік турнирлерде тағы да өзінің теңдессіз екенін дәлелдеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру