Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жетісу өңіріне жұмыс сапары барысында Қаратал тарихи-өлкетану мұражайын аралады.
Бас мүфти Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында орналасқан мұражайда этнографиялық жәдігерлерді көріп, археологиялық артефактілермен, сондай-ақ өңірден шыққан даңқты тұлғалар жайлы тың деректермен танысты.
Айта кетейік, Қаратал тарихи-өлкетану мұражайы 2023 жылы ашылды. Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
29.11.2024
1995
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру