Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында өңір имамдарымен кездесіп, насихат айтты.
«Имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы ұстаз. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Аллаға шүкір, халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді.
Отбасындағы бала тәрбиесі – өте өзекті мәселе. Осы ретте мешіттер жанынан ашылған отбасылық кеңес беру орталықтарының жұмысына баса назар аударылып отыр. Шын мәнінде балалар арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр бүлдіршіндер аз емес. Алайда олардың телефонға тәуелділігі, психологиялық күйзелісі мен жаман әдеттерге әуестігі кез келген ата-ананы ойландырмай қоймайды.
Біздің имамдарымыз бен ұстаздарымыз осы мәселе бойынша ата-аналарға рухани тұрғыдан көмектесіп, тиісті кеңес беріп келеді. Өйткені ұрпағымызды отансүйгіштікке, ата-ананы қадірлеуге, имандылық пен адамгершілікке баулуымыз керек» деді Бас мүфти.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру