Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ТҮРКІСТАН ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.11.2024 1448 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ТҮРКІСТАН ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласына іссапары барысында облыстық орталық «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» мешітінде жұма уағызын айтты.

Халқымыздың діни қайраткері, ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегін арқау еткен уағызда Бас мүфти: «Асыл дініміз Исламда білімнің әрі білім иелерінің қадір-қасиеті мен дәрежесі өте жоғары саналады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Мужәдәлә» сүресінің 11-аятында: «Алла Тағала сендерден иман келтіргендер мен білім берілгендердің дәрежесін жоғарылатады», – деп айтқан.

Қазақ жерінде де Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Иүгінеки, Испиджаби, Сығанақи сияқты тағы да басқа көптеген ғұлама-ғалымдар өткен. Бұндай тұлғалардың өмір тарихымен таныса отырып, қазақ халқы Исламды қабылдап қана қоймай, Ислам ғылымының дамуына әлемдік дәрежеде үлкен үлес қосқанына көзімізді жеткіземіз. Осындай терең білім иесі болған, діни және дүнияуи білімді қатар игерген үлкен ғұламаларымыздың бірі – Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы.

Шәкәрім Құдайбердіұлы – Абайдың інісі, үлкен ғұлама-ғалым, ақын әрі ойшыл. Ол кісінің  имандылыққа қатысты жазған өлеңдері, тәрбиелік мағынадағы жазбалары көп. Әсіресе «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» атты еңбектерінің дәстүрлі Исламды танытуда маңызы ерекше» деді.

Жұма намазынан соң ҚМДБ Төрағасы мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру