Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ПОЛЬШАНЫҢ УАҚЫТША СЕНІМДІ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.11.2024 1101 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ПОЛЬШАНЫҢ УАҚЫТША СЕНІМДІ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Польша Республикасының уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен өзінің өтініші бойынша кездесті.

Бас мүфти поляк дипломатын 11 қараша – Польша Республикасының тәуелсіздік күнімен құттықтап, екі ел арасындағы жан-жақты байланысқа үлес қосып келе жатқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Михал Лабендаға қазақ еліне және тіліне деген құрметі үшін ризашылығын жеткізіп, Діни басқарманың руханият саласындағы игі істерін тілге тиек етті және соңғы уақытта атқарылған айтулы іс-шараларды таныстырып өтті.

Өз кезегінде студент шағы Қазақстанда өткен, елімізде білім алған, поляк дипломаты Михал Лабенда Бас мүфтиге еркін сұхбат үшін алғыс айтып, қазақ еліне, мұсылмандарға деген айрықша ілтипатын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру