Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ МИНИСТРДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Пресс служба ДУМК muftyat.kz 28.10.2024 3553 0 пікір
ҚМДБ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ МИНИСТРДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірқатар бөлім меңгерушілері Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның алғыс хатымен марапатталды.

Алғыс хатты вице-министр Қанат Жұмабайұлы Бас мүфтидің кеңесшісі әрі ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлына, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлына, Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлына арнайы табыстады.

«25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстарына белсене атсалысып, оң нәтижелерге қол жеткізгеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге толайым табыс тілеймін» делінген алғыс хатта.

Сонымен қатар ҚМДБ Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы мен «Munara TV» директоры Еркін Шәкірұлы мерекелік медальмен марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру