Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ: «ИСЛАМ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» ЖАҢА БАСТАМАЛАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.10.2024 2389 0 пікір
БАС МҮФТИ: «ИСЛАМ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» ЖАҢА БАСТАМАЛАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен «Ислам энциклопедиясы» кітабының тұсаукесер рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Біріншіден, осы энциклопедия арқылы оқырмандар Ислам құндылықтары туралы нақты әрі шынайы ақпарат алады. Екіншіден, діни ұғымдар мен атаулардың орфографиялық жазу емлесі бір жүйеге түседі.

Үшіншіден, «Ислам энциклопедиясында» қамтылған материалдар келісімшарт негізінде халықаралық WIKIPEDIA базасына ұсынылады. Төртіншіден, жас зерттеушілердің көмекші құралы ретінде осы саладағы іргелі зерттеулерге негіз болады. Бесіншіден, қазақ тарихы мен мәдениетіндегі Исламның орны шынайы дәйектер мен нақты деректер негізінде толық жүйеленіп, бір ізге түседі» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру