Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.10.2024 1230 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Кісі ақысын жеу – кешірілмейтін күнә» тақырыбында уағыз айтқан ҚМДБ Төрағасы: Дініміз мұсылмандарға адал еңбек етуді бұйрып, біреуге зиян тигізіп, ақысын жеуден тыйған. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Бір-біріңнің мал-мүліктеріңді нақақтан-нақақ жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың малының бір бөлігін (өздеріңе тиесілі болмағанын) негізсіз алу үшін басшыларға пара ретінде беруші болмаңдар», – деп айтқан («Бақара» сүресі, 188-аят).

Халқымыз ұрпағына: «Ешкімнің ала жібін аттама» деп, өзгеге қиянат жасамауды, зиян бермеуді, ақысыз мал-дүниесіне қол салмауды кішкентайынан үйретіп, құлағына құйып өсірген. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кім бір қарыс жерді зорлықпен тартып алса, сол жердің жеті есесі қиямет күні мойнына жүктеледі», – деп ескерткен» деді.

Жұма назынан кейін Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен бірге ел игілігі үшін арнайы дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру