Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметіі muftyat.kz 13.09.2024 1000 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесті.

Студенттерді отаншыл болуға үндеген Бас мүфти: «Ислам тек құлшылықтар діні ғана емес, ол Отанды қорғап, елді сүюге, тұрақты әрі бейбіт, ізгі қоғам құруға тәрбиелейді. Әйтеке би бабамыз: «Өмірім – халықтікі, өлімім ғана – өзімдікі», – деп халыққа қызмет етудің маңызын айтып кеткен. Отаншылдық – Отанға, туған еліне, оның тіліне, туып өскен жеріне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтен тұрады. Отаншылдықтың мәйегі – ұлтты сүю. Өз ұлтын, туып өскен жерін сүйіп, оның көркеюіне қызмет етіп, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл бола алады. Отаншылдық халықтың өз ана тілін, ділін, дінін берік сақтауымен және мақтан тұтуымен тікелей байланысты. Дінімізде отаншылдық шынайы мұсылманға тән қасиет ретінде қарастырылған. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің. Егер де тұрғындарың сенен шығармағанда сенен басқа жерде тұрақтамас едім», – деп, өзі туып өскен Мекке қаласына айрықша ықыласпен қараған» деді.

Кездесу барысында ҚМДБ Төрағасы студенттердің сұрағына жауап беріп, білім жолындағы қадамдарына сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру