Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметіі muftyat.kz 13.09.2024 1323 0 пікір
БАС МҮФТИ «МӘШҺҮР ЖҮСІП»  МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жұма уағызын айтты.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өміріне арналған жұма уағызында Бас мүфти: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әрбір адамның жағдайын, тұрмыс-тіршілігін, қажеттіліктерін ерекше ойлап, уайымдайтын. Айша анамыз (Алла оған разы болсын) ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла елшісі дүниеден озғанша үш күн қатарынан тойып тамақ жеген емес. Қаласақ тойып жейтін мүмкіндігіміз бар еді. Бірақ өзгелердің қажетін өзімізден артық қоятын едік», – деп сипаттаған. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлдебір затқа өзі мұқтаж бола тұра, оны өзге адам қажетсінетін болса еш ойланбастан бере салатын.

Мұсылман адам да өзгелер үшін жанашыр, қажет кезде көмек қолын соза алатын, өзінде барымен бөлісе алатын сипатқа ие болуы қажет. Міне, бұл ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біздерге көрсеткен үлгі-өнегесі. Алла Тағала баршамызға осындай ізгі сипатты нәсіп етсін» деді.

Жұма назынан кейін ҚМДБ Төрағасы жамағатпен бірге ел игілігі үшін арнайы дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру