Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МАКЕДОНИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.09.2024 1821 0 пікір
БАС МҮФТИ МАКЕДОНИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Македония Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сали Лиманимен өз өтініші бойынша кездесті.

Кездесуде екі елдің достық қарым-қатынасы сөз болды. Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі таңда атқарып отырған жұмыстарын таныстырып өтті.

Өз кезегінде Сали Лимани Діни басқарманың діни саладағы орны мен рөлі жайлы ойын бөлісіп, игі бастамаларға тілеулестік ниетін білдірді. Сонымен қатар уақыт бөліп, арнайы қабылдаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына алғысын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыруға келісті. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру