«Мұнара» газетінің ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлері мерекесі қарсаңында журналистер арасында үстел теннисі турнирі өтті. Дәстүрлі дода биыл төртінші рет ұйымдастырылды.
Астана қаласында өткен үстел теннисі турниріне түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етіп жүрген 24 медиа маманы қатысты. Тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша бас жүлдені AstanKINO медиапродакшны қызметкері Асхат Жұмахан жеңіп алса, «Хабар» агенттігінің редакторы Есенбол Иманғазы екінші орынды еншіледі. Жүлделі үшінші орын «Қазмедиа орталығы» компаниясының бейнеинженері Айбек Молдамұратқа бұйырды.
Сондай-ақ топтық кезеңнен өткен 5 қатысушы – «Қазақ» радиосының дикторы Мұхамедәли Болатұлы, «Qazaqstan» телеарнасы «Таңшолпан» бағдарламасының шеф-редакторы Олжас Қасым, «Ruh.kz» сайтының бас редакторы Арай Ізбай, «Настоящее Время» телеарнасының операторы Ғанизат Оспанов және «Qazcontent» медиа компаниясының бейнеинженері Мадияр Ерсайынов ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру