Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ЖАҢА БАСПАНА ИЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.05.2024 1543 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ЖАҢА БАСПАНА ИЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Арқалық қаласында су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың жаңа пәтеріне арнайы құттықтап барды.

Бас мүфти Арқалық қаласындағы қуаныш иелерін қоныс тоймен құттықтап: «Қиындыққа жеңілдік беріп, қайғы соңын қуанышқа ұластырған Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Жаратушы Иеміз жаңа баспаналарыңызға бақ-береке беріп, отауларыңыздан елге, жерге қызмет ететін ұл-қыздардың өсіп шығуын нәсіп еткей» деп ақжарма тілегін арнады.

Айта кетейік, бүгін ҚМДБ Төрағасы Арқалық қаласында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға пәтер кілтін табыс етті. Олардың қатарында Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен баспаналы болған Дәулет Дүйсенбаевтың көпбалалы отбасы бар.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру